Образование
19.10.2026
ЖЕҢІСПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Облыстық "Дауылпаз баба - Қожаберген" байқауының аудандық кезеңінде мектебіміздің оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды!
6 «А» сынып оқушысы Асхар Нұрділдә «Сыршыл ақын» номинациясы бойынша мәнерлеп оқудан ГРАН-ПРИ иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі – Токенова У.А.
10 «А» сынып оқушысы Жақсылық Жанбике «Қазақтың қыран құстай Кәкімбегі» номинациясы бойынша І орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі – Калиева Ж.К.
5 «В» сынып оқушысы Шатаева Аружан «Сұлу сазға сұранған» номинациясы бойынша ІІ орынға ие болды. Жетекшісі – Токенова У.А.Жеңімпаз оқушыларымызды және олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!