Образование
01.10.2026
ТЖБ инженерінің қатысуымен түсіндіру жұмыстары
«№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де 7–11 сынып оқушыларына Ғабит Мүсірепов ауданы ТЖБ инженері Мусин Нұрболат Жаркынұлының қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында оқушыларға өрт болған жағдайда эвакуациялау ережелері, өрт кезіндегі қауіпсіздік шаралары мен дұрыс әрекет ету тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар, кәсіби бағдар беру мақсатында оқушыларға М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының Көкшетау техникалық институтына (КТИ) оқуға түсу мүмкіндіктері, білім алу бағыттары және азаматтық қорғау саласындағы мамандықтар туралы ақпарат берілді.
