Образование
24.09.2026
Тіл мен әдебиет-ұлт руханиятының айнасы
2026 жылдың 24 қыркүйек күні «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де «Жаңашыл» шығармашылық тобының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Тіл мен әдебиет-ұлт руханиятының айнасы» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері онкүндігінің жоспарына сәйкес кезекті мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Осипова Айымгүл Қайратқызы 4 «В» сынып оқушылары арасында «Абай әлеміне саяхат» атты әдеби-танымдық сайыс өткізді.
Сайыс барысында оқушылар ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін ортаға салып, ақынның өлеңдері мен қара сөздеріне қатысты түрлі танымдық тапсырмаларды орындады. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өздерінің білімдерін, тапқырлықтары мен белсенділіктерін көрсетті.
Іс-шараның басты мақсаты: жас ұрпаққа Абай мұрасын кеңінен таныту, ақын шығармалары арқылы білімге, еңбекке, адамгершілікке баулу, оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Абай мұрасы-ұрпаққа мәңгілік өнеге, рухани тәрбие мен білімнің сарқылмас қазынасы.
