Образование
17.09.2026
Кітапханаға саяхат
2026 жылдың 16 қыркүйегінде «№2 Новоишим орта мектебі» КММ кітапханашылары мектепалды сынып оқушыларына «Кітапханаға саяхат» атты танымдық экскурсия ұйымдастырды.
Саяхат барысында оқушылар кітапхананың тыныс-тіршілігімен танысып, кітап сөрелерін аралады. Балаларға кітапты дұрыс таңдау, оны ұқыпты ұстау және кітапханадағы тәртіп ережелері түсіндірілді.
Іс-шара соңында оқушылардың білімдерін толықтыру мақсатында қызықты викторина ұйымдастырылды. Балалар ертегілер, кітаптар мен сүйікті кейіпкерлер туралы сұрақтарға белсенді жауап беріп, өз білімдерін көрсетті. Викторина барысында оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығы артып, көңілді әрі танымды уақыт өткізді.
Кітапхана – білім мен қиял әлеміне бастар жол!
Балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру – біздің басты мақсатымыз!
